Көне Тараз тарихи, этно-мәдени кешені «Көркемсурет галереясында» жаңа көрме көшілік назарына ұсынылды. Көрменің ашылуына қылқалам шеберлері, жас суретшілер, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Президент ұлттық құрылтайда ел тарихын түгелдеу – маңызды екенін атап өтті. Осы орайда Мұхтар және Жамбыл Егізековтердің көрмесі де «Тарихқа тағзым» атты тақырыпты арқау еткен.