Жыл сайын 27 наурызда бүкіл әлемде Дүниежүзілік театр күні атап өтіледі. Яғни, барлық театр қызметкерлерінің халықаралық кәсіби мерекесі.

Дүниежүзілік театр күні 1961 жылы Халықаралық театр институтының IX конгресімен барлық театр қызметкерлерінің – әртістердің, режиссерлердің, техникалық қызметкерлердің кәсіби мерекесі ретінде бекітілген. Атаулы датаға орай, Жамбыл облыстық орыс драма театры балақайлар мен олардың ата-аналарына арнап ашық есік күнін өткізді.