Әдеп жөніндегі кеңестер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқалы органдары болып табылады. Аталмыш кеңестер өз қызметін әділдік, әдептілік заңдылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

Сәйкесінше, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша да кеңес тарапынан бірқатар жұмыстар жүргізілуде.