Мемлекет басшысы «Еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – ақыл-парасаты мол, ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу» деген болатын.Осы мақсатта Жамбыл облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен бүгін Таразда «Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы» атты педагогтер арасындағы облыстық конкурс өтті. Жиын қорытындысы бойынша 10 ұстаз арнайы номинациямен марапатталды.