Биыл облыс бойынша 644 мың 800 гектар жердің егістік алқабы игеріледі деп жоспарланған, Қазір қажетті минералды тыңайтқыштар және тұқымдармен қамтамасыз етілген шаруашылықтар жер жыртып, егін егуді бастап та кетті.

Тек егістікте емес, үйінің іргесіндегі жерді пайдасына жаратып, кәсіп ашқандар аз емес. Сондай шаруаның бірі – Масаншы ауылының тұрғыны Ихия Губар.