Елімізде аяқ-киім шығаратын кәсіпорындар көп-ақ. Бірақ отандық өндіріс дамып жатқан жоқ. Нарықты кілең шетелдік өнім жаулап алған. Ал, оның ішінен өзіміздікін табу қиын.

Біздегі 200, 300 адам жұмыс істейтін өндіріс орындары тек әскерилер мен жұмысшыларға арналған аяқ киім тігумен шектелуде. Қашан заман талабына сай өнімдерді нарыққа шығатыны беймәлім.