Көктемнің әрбір күні жылға азық. Бұны жақсы түсінетін шаруалар ауа-райының әрбір сәтті күнін пайдаланып, дала жұмыстарына кірісті.

Биыл облыс бойынша 644 мың 800 гектар жердің егістік алқабы игеріледі деп жоспарланып отыр. Қазір қажетті минералды тыңайтқыштар және тұқымдармен қамтамасыз етілген шаруашылықтар жер жыртып, егін егуді бастап та кетті.