Бүгін ұлттық спорт күні. Осыған орай Таразда «Ер қаруы бес қару» атты ұлттық ойындар фестивалі өтті. Мерке аясында ұйымдастырылған сайыста соңғы уақытта ұмыт болып бара жатқан садақ, ләңгі сияқты бірқатар ойындарымыз шаһар төрін қайта жаңғырды.