20-наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күні облысымыздың барлық өңірлерінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Мәселен Меркі ауданында жасөспірімдер арасында көкпар, бәйге және аударыспақ ұлттық ойындарынан аудандық турнир өткізілді.