Ағымдағы жылы Тараз қаласында аса маңызды жобалардың бірі - қала орталығындағы «М-1» жылу магистралын қайта жаңғырту жұмыстары бастау алмақ. Ол үшін республикалық және облыстық бюджет есебінен жалпы 7,110 млрд. теңге қаралып, мердігермен келісім-шарт жасалған.

Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен жиында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұңғатов айтты.