Таразда күні кеше басталған "Kazagrojambyl" Халықаралық форумының екінші күнінде ауылшаруашылығы көрмесінің ресми ашылуы өтті. Салтанатты шараға түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы, ауылшаруашылығы министрі, облыс әкімі мен алыс және жақын шетелдерден шақыртылған сала мамандары қатысты.

Ал түркі мемлекеттері ұйымының ауылшаруашылығы министрлерінің үшінші отырысында тараптар өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.