Бұрындары тек солтүстік аймақтарда ұйымдастырылатын ауқымды шаралар енді біздің өңірден де бастау алды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Таразда «Қазагрожамбыл» ауылшаруашылығы форумы өтуде. Халықаралық дәрежедегі ауқымды шараға еліміздің ғана емес, алыс және жақын шетелдерден өкілдер арнайы шақыртылған.

Киелі Әулиеата жеріне арнайы ат терлетіп келген майталман мамандар үш күн бойы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, дамыту жолдарын қарастырады. Сондай-ақ, облыстың мүмкіндіктерімен таныспақшы.