Тіл тағдыры ел тағдырымен біртұтас болғандықтан, оның мәңгі жасауы халықтың ұлттық құндылықтарын жоғарғы дәрежеде дәріптеуінен басталады. Қазірде қазақ тілінің даму қарқыны жаман емес. Елімізде мемлекеттік тілді еркін меңгергендердің қатары да артып келеді.

Дәйекке дәлел болсын. Статистикаға сүйенсек облыстың 93,6 пайызы қазақ тілін меңгерген. Бүгін “Мирас” аймақтық кеңесінде тіл мәселесі талқыланды.