Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтың 85 жылдығына және мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында өткізіліп жатқан іс-шаралар легі толассыз. Соның бірі –Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында ұйымдастырылған «Көк байрағым елдігім, еркіндігім!» атты әдеби-сазды кеші.