Халықаралық балаларды қорғау күні мен оқушылардың демалысы басталуына орай Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта 2013-14 жылы туған ұлдар арасында шағын футболдан қалалық турнир өтті. Ал, 2009-10 жылы туған қыздар арасында стритболдан жарыс болды.

Сондай ақ, мерекеден аутизмі бар балалар да қалыс қалған жоқ. Оларды қолдау орталығы мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы ойын ұйымдастырды.