Құрылыс – қаланың да, ауыл¬дың да ажарын ашып, сәнін келтіретін саланың бірі. Өңірде жыл сайын түрлі нысандардың құрылысы жүргізіледі. Ал мемлекет тарапынан көрсетілген қол¬даудың нәтижесінде, салынып жат-қан тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар қаншама?!

Бұған дейін облыс аумағында құрылысы аяқталмаған 51 нысан бар еді. Олардың басым көпшілігі Тараз қаласының аумағында орналасқан. Қала басшылығы бұл нысандарды бюджеттік кодекске сүйеніп ел игілігіне айналдырып отыр.