Қазір еліміз бойынша шағын шахарлардың да шырайы кіріп, өсіп өркендеп келеді. Себебі кіші қалаларды дамытуға үкіметтің арнайы бағдарламасы бар. Міне осы өлкені дамыту бағдарламасы бойынша Шуда құрылыс жұмыстары да қыза түскен. Қазір қалалық емханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргіліп жатса, сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығы да ашылмақшы.