«Оқуға құштар мектеп». Бұл жаңа жоба. Жастарды кітап оқуға баулуға бағытталған. Қазынадан қаржы да қаралған. Ол енді өалай жүзеге асуда?


Рухани құндылықты ұлықтауға бағытталған жобаның жүзеге асу барысы жайлы жайлы брифингте айтылды. Баспсасөз мәслихатынан Жансая Дүйсенқұл жалғастырсын.


Жансая ДҮЙСЕНҚҰЛ ТІЛШІ

Кітап – білім бұлағы, Білім-өмір шырағы. Кітап сөрелерінде шаң басып беті ашылмаған кітаптар жетерлік, бұл бүгіннің өзекті мәселесі


Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта облыстық білім басқармасы және «Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуына мониторинг жүргізілуде екен. Облыста аталған жобаға 575 млн. теңге қаржы бөлініп, әдебиеттік кітаптар сатып алынған.

Дәмеш ҮСКіМБАЕВА, ЖОБ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САПАНЫ ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ


Кітап – қашанда рухани азық. Дәл қазіргі сәттегі әлеуметтік желінің қызығына алданбай, баға жетпес қазынамыздың маңызын білген дұрыс. Кез келген кітапханада мәдени дәстүрлер мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқырманды жан-жақты қамтитын орынға айналып, барлық жағдай жасалған. Білемін, көремін рухани байлығымды арттырамын деген жан үшін ешқандай кедергі жоқ.

Жансая ТУБАЕВА ӨНЕР ЖӨНІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТЕР БӨЛІМІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ