Бұдан былай экологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпорындарға кешірім жоқ. Тіпті олармен серіктестік те тоқтауы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде осылай деді. Мемлекет басшысы өңір жұртшылығымен жүздесіп, кәсіпорындарды аралады.