Түркияның Изник қаласында 29-шы қыркүйек пен 3-ші қазан күндері дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткен болатын. Байрақты бәсекеде атой салып, ел мерейін үстем еткен, ұлттық көкпар ойынында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген жеңімпаз құрамды Тараз қаласында салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.