Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды. Премьер-министр өңірге арнайы барып, жұмыс барысын тексерді. Бүгінгі таңда алдын алу шараларының 92%-ы орындалған. Жұмысты тиімді жүргізу үшін облыс орталығы 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды. Бұл жұмыстарға төтенше жағдай мен күш құрылымдарының 6 мыңға жуық қызметшісі, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Еріктілер тарапынан белсенді көмек көрсетіліп жатыр. Өткен сенбіде жағалауды бекіту сенбілігі аясында 9 мыңға жуық ерікті атсалысты.