ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы өнімдерінің аясын кеңейтіп, әсіресе балық пен құс шаруашылығына баса мән беру қажеттігін атап айтқан еді.

Жамбыл облысында құс шаруашылығы жақсы дамып келеді. Атап айтқанда, Шу ауданына қарасты Қонаев ауылының тұрғындары тауықпен қатар, бөдене өсіруге де ден қоя бастады.