Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Тараз қаласындағы бірқатар білім беру нысанының құрылыс жұмыстарымен танысып, арнайы кеңес өткізді. Сондай-ақ, 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, Шөлдала алқабындағы, «Бәйтерек» және «Ұлы дала» мөлтек аудандарындағы жаңа білім беру нысандарының құрылыс алаңына барды.