Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты Республикадан қаралуы қажет қаржы енді өңірден алынады. Бүгін мәслихаттың кезектен тыс 14-сессиясында қаражат мәселесі қаралды. Нақтыласақ, 2024 - 2026 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді.

Әйткенмен, аймақ басшысының айтуынша облысқа түсер салмақ аса ауыр емес. Өйткені, бүгінгі таңдағы бюджеттің кірістері 5 миллиард теңгеден асқан.