Тазалығымен мақтанатын Таразда қоқыс қаптап барады. Оның үстіне тұрғындардың бей-берекет лақтыратын қалдықтары да – жығылғанға жұдырық болып отыр.

Жауаптылар бәрін дер кезінде тазартамыз -деп ақталып әлек. Демек, тұрғындар мәдениетінің төмендігі ме? Таяқтың екі ұшы болса, бұл түйткілдің бірнеше түйіні бар секілді.