Жайық өзенінен төнетін қауіп әлі де сейілмей тұр. Ресейдің иректі қоймасынан жіберілген су жайықтың деңгейін көтеріп, жағдайды күрделендіруде. Ал өзге өңірлерде жағдай тұрақталып, қызыл судың беті қайта бастаған.

Тасқыннан зардап шеккен отбасыларға қосымша 550 мың теңгеге дейін төленетін болды. Ал жаңадан салынатын әр тұрғын үйге мемлекеттен 22 млн теңге бөлінеді. Тағы бір атап өтерлік жайт, су шайған үйден басқа нысандар мемлекет тарапынан қалпына келтірілмейді.