Меркі ауданында облыс бойынша алғашқы болып пантованнамен емдеу орталығы ашылды. Ендігіде жамбылдықтарға пантатерапия алу үшін алысқа ат арылтудың қажеті жоқ. Осылайша, еліміздің түкпір-түкпірінен дертіне дауа іздеп келетін жандар үшін «Меркі Радон»  шипашайында жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр.