Дүниежүзілік экономикалық форумға 3 мыңдай делегат қатысып жатыр. 60-тан астам елдің лидерлері жиналған. Ал шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мыңдаған әскери қызметкер, заманауи бақылау жүйелері жұмылдырылды. Форумда ғаламдық мәселелер талқыға салынып, ортақ шешім қаралады.