Тәуелсіздік жылдары көне Тараздың келбеті айтарлықтай жаңарды. Қала аумағы кеңейіп, жаңа ықшам аудандар бой көтеруде. Солардың ішінде аумағы мен халқы жағынан ең ірісі – «Ұлы дала» шағын ауданы. Қазір мұнда 22 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатса, 45 мың адам тұрады.