Бүгінде Тараздың еңсесі тіктеліп келеді. Бірқатар жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды. Сонымен қатар, қазынадан тиісті қаржы бөлініп, жасыл-желекпен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Дегенмен, жауапты мекемелер тал- дарақтарға уақытылы күтім жасамаудың салдарынан қазір біразы қураудың алдында тұр. Бұл жөнінде бүгін Тараз қалалық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды.