Бүгін оқушылар сарайында «Ұлылықтың үлгісі — әке тәрбиесі» атты әкелер құрылтай өтті. Іс-шараны Тараз қалалық білім бөлімі мен Тараз қалалық прокуратурасы бірлесе ұйымдастырды. Қоғамдық маңызы жоғары жиынға 350-ге жуық әке қатысты. Құрылтайдың негізгі мақсаты — отбасы институтын нығайту және әке рөлінің маңызын қоғамда кеңінен насихаттау.