Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін аралап, тілсіз жаумен күресер қайсар жандардың жұмысымен танысты. Ашық есік күні форматында өткен іс-шара жасөспірімдерді қоғам үшін аса маңызды әрі жауапты мамандық — өрт сөндіруші қызметімен жақынырақ таныстыруға бағытталады.