Қазақстан Қарулы Күштерінде 1 желтоқсанда жаңа оқу кезеңі басталды. Бұл уақытта әскери бөлімдер өздерінің жауынгерлік әзірлігін тексеріп, негізгі тапсырмаларды қайта пысықтайды. Әскери қызметшілерден дәлдік, бірлік және тез әрекет ету талап етіледі. Мұндай дағдылар тәжірибе арқылы қалыптасады. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс полкінің жас сарбаздары алғаш рет оқу-жаттығу атыстарын орындады.