Импортталатын дәрі-дәрмек шикізаты қосылған құн салығынан босатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, мұндай жаңа салық жеңілдігі - отандық дәрілік өнімдердің құнын төмендету және саланы қолдауға бағытталған. Сонымен қатар ведомство елімізде шығарылатын тауарларды ауруханаларға сатып алу үлесін ұлғайтуға ниетті. Министрдің ақпаратынша, Қазақстанда 200-ден астам тауар өндіруші тіркелген. Өткен 10 айдың қорытындысы бойынша олардың өнімділігі 11,7%-ға өсіп, 156 млрд теңгеден асқан. Дәрі-дәрмектің 460 атауын локализациялауды көздейтін тағы 9 инвестициялық жоба қаралу сатысында тұр.