Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы бір жарым есе өседі. Ал ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандарға 25 пайыздық қосымша төлем заң жүзінде бекітілмек. Бұл туралы Сенатта өткен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында айтылды. Депутаттар қараған заң жобасы Ұлттық архив қорын сақтау және цифрландыруды, сондай-ақ өскелең ұрпақты дәстүрлі емес құндылықтарды насихаттаудан қорғауға бағытталған. Құжатта мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесін беру, мұрағат саласын жаңғырту және құжаттарды сақтау мен қорғау тетіктерін күшейту қарастырылған. Бұдан бөлек, тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-сметалық және қала құрылысына қатысты материалдар да Ұлттық мұрағат қорына енгізу ұсынылды.