Шу өңіріндегі эконмикалық аймақта шет елдік және отандық инвесторлардың атсалысуымен жалпы құны 791 милиард теңгені құрайтын 22 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде мұнда 5 алып өндіріс орны жұмыс істеп жатса, қалғандары 2030 жылға дейін толық салынып бітпекші. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде жүгеріні терең өңдейтін кәсіпорын жыл аяғына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр.