Байзақ ауданындағы Көктал ауылының бүлдіршіндері қуанышқа бөленді. Онда «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалының қолдауымен жалпы құны 30 млн теңгені құрайтын заманауи балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді. Салтанатты рәсімде аудан әкімі ауыл тұрғындарын қуанышты күнмен құттықтап, демеушілер мен құрылыс жұмысына атсалысқан азаматтарға алғыс айтты.