Осыдан 14 жыл бұрын, 2011 жылдың 12 қарашасында, полиция капитаны, «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасов қаруланған қылмыскерлерді тоқтату кезінде ерлікпен қаза тапқан еді. Қауіп-қатерге қарамастан, елдің амандығы үшін жан қиған батырдың ерлігі жыл сайын туған жерінде құрметпен еске алынады. Биыл да Байзақ ауданы орталығындағы «Батырлар аллеясында» оның рухына арналған дәтсүрлі шара өтті.