Кеше Тараздықтар дәстүрлі ән өнерінің куәсі болды. Баласағұн орталық концерт залында ҚР мәдениет саласының үздігі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Шолпан Даржанның «Мен сүйемін халқымды» атты шығармашылық ән кеші өтті.

Кешке ҚР халық әртісі Рамазан Стамғазы, ҚР мәдениет саласының үздігі Гүлниза Жұмажан, ҚР мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы сынды өнер майталмандары ,сондай ақ филормонияның халық аспаптар оркестрі қатысты.