Жамбыл облысының полицейлері қырағылық танытып, халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді. «Алматы – Ташкент» автожолының 219-шақырымында патрульдік полиция қызметкерлері бағдарда көрсетілген белгілерге сәйкес келетін Audi маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің артқы орындығында 44 жастағы ер адамның отырғаны анықталды. Ол көрші елдің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше алаяқтық дерегі, соның ішінде аса ірі көлемдегі қылмыс үшін іздеуде болған. Күдікті Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, кейін заңнамаға сәйкес Қырғыз Республикасы тарапына тапсырылды.