Бүгінде қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі – интернет алаяқтық. Мұндай қылмыстар әлемнің көптеген елдерінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде де белең алып отыр. Оларды болдырмау мақсатында елімізде «Киберпол» жобасы жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған пилоттық жоба сәтті сынақтан өтіп, бүгінде барлық өңірлерде кеңейтілді.