Тараз қаласында дәстүрлі ислам ғылымындағы тарихи мұралардың маңызын айқындайтын ғылыми семинар өтті. Іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облыстық өкілдігі ұйымдастырды. Семинар «Көне қолжазбалар мен ескі кітаптар – дәстүрлі ислам құндылығы» тақырыбында өтті.