Меркі ауданында қақпа, есік, тор дәнекерлеру жұмыстарымен айналысатын серіктестіктер көп. Олар биылғы жұмысшы мамандықтар жылында өндіріс көлемін ұлғайтып, инженерлік құрылыс бағытындағы кәсіпті арттырды. Осы арқылы жаңа жұмыс орындары көбейіп, еңбек нарығындағы жағдай да тұрақталып келеді.