Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 4 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін. Бүгін Сенат мәдениетке қатысты заңды қарады. Бұдан былай тек телевизиялық бағдарламаларда жанды дауыспен айтпауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, ашық аспан астында өтетін концерттерде техникадан ақау шықса, дайын жазбаны қолдануға болады. Талаптың орындалуын жергілікті әкімшіліктер қадағалайды.