Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар медианың болмысын түбегейлі өзгертті. Зерттеулерге сүйенсек, қазақстандықтардың 65 пайызы жаңалықты әлеуметтік желілер мен мессенджерлерден оқып біледі. Енді медиа цифрлы дәуірдің жаңа талаптарына қалай бейімделеді? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеген отандық және шетелдік медиасарапшылар бүгін басталған "Astana Media Week-те" бас қосты.