Биыл Байзақтық шаруалар қант қызылшасын өсіруге ерекше көңіл бөлді. Аудан көлемінде 1100 гектар жерге тәтті түбір егілді. Жаз бойы күтіп-баптап, өнімдерін жинау еңбек жемісіне кенелетін берекелі шақтардың бірі. Сондықтан қант қызылшасын өсіруге ден қойған диқандар да күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарды қыздыруда.