Ерте көктемнен егін егіп, ала жаз бойы тынбай тер төккен дала еңбеккерлері күздік жиын-терінді аяқтап келеді. Қазір тек қызылша ғана қалды. Ал, шашақты дақыл, жүгеріні ору науқаны бірер күнде мәреге жетпекші.

Ауылшаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдейтін өндіріс орны салынып жатқан Шу ауданында кейбір шаруашылықтар бір жерден екі өнім алайын деп отыр.