Ауыл – қазақтың күретамыры. Ұлттық құндылықтың ошағы да ауылдан бастау алады. Салт-дәстүр мен мәдениеттің сарқылмас мол мұрасы да ауылда сақталған. Сондықтан, қазақты ауылсыз елестету мүмкін емес. Осыны ескерген мемлекет те ауыл мәселесін естен шығармай, оған жан- жақты көмектесіп келеді. Осының арқасында өңірімізде инфроқұрылымы дамыған, спорт, мәдениет саласы алға басқан ауылдар көбейді. Солардың бірі Жамбыл ауданындағы Өрнек ауылы.