Талай жасқа жол ашқан «Ар-Ай». Жамбыл облысытық «Ар- Ай» жастар газетінің құрылғанына биыл 20 жыл. Бүгін осыған орай арнайы фото көрме мен газет тарихы туралы жазылған кітаптің тұсау кесер рәсімі және конференция ұйымдастырылды. Аймақ жастарының сөзін сөйлеп, ой-пікірін жеткізген басылымның салтанатты шарасына облыс әкімінің орынбасары, ардагер журналистер, зиялы қауым өкілдері мен газет тілшілері қатысты.