Қазіргі таңда су ресурстарын басқару экологиялық мәселе ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың маңызды факторы. Суды есеппен пайдалану, үнемдеу технологиясын енгізу, трансшекаралық су саясатын жетілдіру-күн тәртібіндегі өзекті міндет. Өзекті мәселе ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданына іс сапары барыында талқыға түсті.